Нұр-Сұлтан тұрғындары мен қонақтарына ескерту жасалды

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Нұр-Сұлтан қ. Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК деректері бойынша 5 ақпанда көктайғақ күтілетінін хабарлайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Дауылдың ықтималдығы 85-90%.

Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына:

- мұқият болыңыз, ауа райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағалаңыз;

- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, ЭЖЖ және сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;

- үйдегі немесе пәтердегі барлық терезелерді мықтылап жабыңыз;

- балконнан сыртқа ұшып, құлауы мүмкін барлық заттарды алып тастаңыз;

- үзілген сымдар мен бос қозғалып тұрған заттарға жақындамаңыз;

- қатты жел болған жағдайда жақын маңдағы ғимаратқа кіріп, жел басылғанға дейін жасырыныңыз;

- құрылыс объектілері қолайсыз ауа райы жағдайы әсерінен аумақтарды және тұрғындарды қорғау, құрылыс алаңдарында мүмкіндікше құрылыс-монтаж жұмыстарына шектеу бойынша қосымша шараларды қабылдау қажет.

Құлау ықтималдығын азайту үшін көктайғақ кезінде келесі ережелерді сақтау қажет:

- биік өкшелі аяқ киімнен бас тартып, шағын кеуекті табаны бар тайғанамайтын аяқ киімді таңдаңыз;

- жолдың жүру бөлігінде өте сақ болыңыз: асықпаңыз және жүгірмеңіз;

- тегіс емес мұз қатқан барлық жерлерді айналып өтуге тырысыңыз;

- қолдарыңыз мүмкіндігінше бос болуы керек, ауыр сөмкелер ұстамаңыз, қолыңызды қалтаңызға салып жүрмеңіз, бұл құлау ықтималдығын арттырады;

- егде жастағы адамдарға резеңке ұштығы бар таяқ немесе ұштары бар арнайы таяқ қолдануға кеңес беріледі;

- аяқ астына мұқият қараңыз, қауіпті жерлерді айналып өтуге тырысыңыз. Егер де мұзды "шалшықты" айналып өту мүмкін болмаса, онда оның үстінен жеңіл адыммен жүріңіз;

- жолдан өту кезінде асықпаңыз, жүгіріп өтпеңіз, сақтық шараларын сақтаңыз.

Естеріңізде болсын: арқамен, бетпен құлау қауіпті, бастан зақым алуыңыз мүмкін. Зардап шексеңіз міндетті түрде дәрігерге алғашқы медициналық көмекке жүгініңіз.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда "112" нөміріне қоңырау шалыңыз!

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: