Түркістан шенеуніктері түрмеге кіріп-шықты

zakon.kz
Науқанның негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы берік иммунитетін қалыптастыру.

Бүгін Түркістан өңірінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Қылмыстық - атқару жүйесі Комитетінің облыстық департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен лауазымды тұлғаларды бас бостандығынан айыру мекемесінің ахуалымен таныстыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Науқанның негізгі мақсаты - оңай олжаға құныққан азаматтардың тар қапастағы тыныс-тіршілігімен таныстыру арқылы мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы берік иммунитетін қалыптастыру.

Темір тордың арғы жағындағы қатаң тәртіппен танысу жұмыстары, ең алдымен Арыс, Кентау, Сайрам, Отырар, Түлкібас және Шардара аудандарының әкім орынбасарлары, аппарат басшылары, дербес бөлім басшылары мен ауыл әкімдерінің арасында өтті.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері 180-ге жуық лауазымды шенділерді Төлеби ауданындағы ИЧ-167/9 мекемесінің жұмысымен, оның ішінде қамаудағыларды ұстау шарттары мен ішкі тәртіптің қатаңдығын, сотталушының жататын жері мен медициналық бөлме, асхана, аула сынды жерлерімен жіті таныстырып шықты.

Жемқорлық көріністеріне жол бермеуді мақсат еткен ұйымдастырушылар лауазымды тұлғаларға көлеңкелі қылмыстың зардабын түсіндіріп, қызмет бабын асыра пайдаланып ақша табудың соңы осылай болатынын ескертті.

Тұла бойды тітіркендіретін темір торды көрген шара куәгерлері мұздай қара құлып пен тікенді темір тордың арғы жағындағы өмірді өз көздерімен көріп, тар қапаста отырған азаматтардың қателіктерін қайталамайтынын жеткізді.

Айта кетсек, Түркістан өңіріндегі бұл жұмыстар жыл соңына дейін жүйелі түрде жүргізілетін болады. Келесі таныстыру жұмыстарына облыстық басқарма басшылары, аудан/қала әкімдері, бас дәрігерлер мен мемлекеттік мекеме басшылары қатысатын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты