Қайғылы жағдайға жол берген мемлекеттік орган қызметкерлері жазаға тартылады - Тоқаев

Ақорда
Бердібек Сапарбаев басқарған комиссия жұмысын жалғастыруда.

Тоқаев Қордай ауданындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қордай ауданындағы жағдай тұрақты. Бердібек Сапарбаев басқарған комиссия жұмысын жалғастыруда. Қайғылы жағдайға жол берген мемлекеттік орган қызметкерлері мен арандатушылар жауапқа тартылады. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Отандастарымызға азаматтық жауапкершілік ұстанымдары үшін ризашылық білдіремін" деп жазды Президент twitter-дегі аккаунтында.

7 ақпанда Жамбыл облысы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болып, оның видеосы желіде жаппай тарай бастады. Президент бұл жайтқа байланысты сол күні мәлімдеме жасады.

8 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында өткен арнайы баспасөз мәслихатында бұл оқиға жайлы баяндалды. 7 қаңтарда кешкі сағат 19.00 шамасында Қордай ауданы маңында 70-ге жуық жігіт жиналып, топ болып төбелескен. Төбелес салдарынан сегіз адам қайтыс болды, 40-тан аса адам адам жарақат алды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жаппай тәртіпсіздік салдарынан 30-дан астам жеке үй, 15 сауда нысаны және 23 автокөлік бүлінген. 47 адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді, екі аңшы мылтығы тәркіленді. Осы қайғылы оқиғада мерт болған адамдардың туған-туыстарына Қазақстан Президенті қайғырып көңіл айтты әрі осы мәселені егжей-тегжейлі зерттеп, объективті бағасын беру үшін үкіметтік комиссия құрып, бірқатар тапсырма беріп, Жамбыл облысына аттандырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты