Жаңалықтар тізбегі
0

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде сегіз адам көз жұмды

365info.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2020 18:42 365info.kz
40-тан аса адам жарақат алды.

Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

7 ақпанда сағат 19.00-де полиция бөлімшесіне Қордай ауданына қарасты ауыл шетінде шамамен 70-ке жуық ауыл тұрғыны жиналып, төбелескелі жатыр деген хабар келіп түсті. Оқиға орнына Қордай аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері бірден жетті. Бұл кезде төбелес болып, жұртты арандатушылар мен куәгерлер оны телефонына түсіріп, видеосын таратқан. Әлеуметтік желілер арқылы олар азаматтарды заңсыз әрекеттерге шақырған. Бұл қақтығыстың шиеленісуіне және топтық төбелеске жан-жақтан адамдардың келіп қосылуына әкеліп соқты. Атап айтқанда, маңайдағы көрші елді-мекендерден 300-ге жуық адам тартылған, - деді Тұрғымбаев.

Тәртіпті қалпына келтіру үшін қосымша полиция жасақтары жіберілді. Төбелеске қатысушылар тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетіп, олардың заңды талаптарына бағынбай, мінез танытты.

Оқи отырыңыз: Желіде Масанчи ауылындағы жаппай төбелестің видеосы тарауда

Бұзақылар темір заттарды, тас пен атыс қаруларын қолданған. Қақтығыс басқа ауылдарға да жалғасын тапты. Аталған елді-мекендердің жалпы ауданы бойынша жолдарға тосқауыл бекеттері қойылды. Жаппай төбелес кезінде он адам жараланды. Алған жарақатынан 8 адам қайтыс болды. Қызмет бабында полиция қызметкерлері де жарақат алды, -деді министр.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жаппай тәртіпсіздік салдарынан 30-дан астам жеке үй, 15 сауда нысаны және 23 автокөлік бүлінген. 47 адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді, екі аңшы мылтығы тәркіленді.

Қазіргі уақытта Жамбыл облысының Қордай ауданында жағдай тұрақтандырылды, - деді Тұрғымбаев.

Тағы да: Бүгін Алматыда "барахолка" базары жабық - министр түсініктемесі

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: