Желіде Масанчи ауылындағы жаппай төбелестің видеосы тарауда
Instagram-да Жамбыл облысының Масанчи ауылында болған жаппай төбелестің видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.
Видео kris_p_brothers_official парағында жарияланды. Видеода жүгіріп жүрген бір топ адам көрінеді, айқай-шу естіледі.
Жамбыл облысы ПД-нің баспасөз қызметі осы оқиғаға қатысты түсінік берді.
Полицияның хабарлауынша, ауыл тұрғындары арасында жаппай төбелес болған. Полиция көмегімен төбелес тоқтатылып, жағдай бақылауға алынды.
Жамбыл облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, яғни "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Төбелесті шығарушылар мен оған қатысушылар анықталып жатыр, делінген хабарламада.
Жамбыл облыстық полиция департаменті азаматтарға тек ресми ақпаратқа сенуді және фейк, яғни жалған хабарламаларды таратпауды сұрайды.
Сондай-ақ ПД әлеуметтік желілер мен түрлі мессенджерлер арқылы жалған ақпарат таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын ескертеді.