Алматыда танымал боксшы қатысқан төбелестің видеосы шықты
sputniknews.kz
Желіде видеосы тарап кеткен оқиғаға қатысты полицейлер мәлімет берді.
Алматы полициясы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қатысқан төбелес пен атыс болғанын растады деп жазады sputniknews.kz.
Желіде тарап кеткен видеода жігіттердің арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласады. Бір кезде ер-азаматтардың бірі тапанша алып шығып, оқ атқан.
"Бұл оқиға биыл 25 мамырда Алматы қаласы Алмалы ауданында болды. Травматикалық қарумен оқ атылған жанжал барысында ешкім зардап шеккен жоқ", — деп хабарлады қалалық ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.
"Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Боксшы Жанқош Тұраров кәсіби рингте 22 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript