Таиландтағы жарақат алған туристердің арасында қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды zakon.kz.
Зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ, - деп атап өтті ҚР СІМ баспасөз қызметі.
2020 жылы 10 ақпанда Пхукет аралы маңында (Таиланд) екі катер соқтығысты. Біреуі - тайландтық экипаж, екіншісінде 39 ресейлік турист болған.
Тайландтың құзырлы қызметтерінің хабарлауынша, 21 ресейлік және үш Тайланд азаматы ауруханаларға жеткізілген. Бірнеше адамның жағдайы ауыр, екі бала қайтыс болды.