Үкіметтік комиссиямен кездесуде Қордай ауданы халқының атынан сөз алған ер адамның сөзі әлеуметтік желілерде тарай бастады. Ол кісі қазір БАҚ таратып жатқан ақпаратқа қатты қапалы екенін жеткізе келіп, өз бастарындағы басты проблеманы өз атымен атады, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның айтуынша, Қордай ауданында болған соңғы жайт төзімнің соңғы шегі болған.
"...Қытай оларды 150 жылдан астам бұрын қуып шықты. Жақсы адамды кім қуады? Жәрайды, келді, жерімізді бердік, төрімізді бердік, ал енді істеп отырғандарын көріп отырсыздар. Арғы жақты айтпай-ақ қояйын, Масаншының парторыгы - Сейтжанов Жеміс деген кісі болған. Сол кісінің үлпілдеп өсіп, мектепті бітіріп, суретке түсу үшін Тоқмаққа барып келе жатқан қызын зорлап, өлтіріп, өртеп жіберген. Түбінде не болды? Ештеңе болған жоқ, ана кісі жүрегінен ауырып осыдан сегіз жыл бұрын көз жұмды. Қазаққа тиген зияны ма, зины. Осындай сандаған факті бар. Кеше телевидение түсіріп кетті, қосып қалсам бөліп-бөліп әрқайсысы әртүрлі сипат беріп тастаған. Бастысы айтылмаған. Бұл - әбден қайнайтын қаны қайнап, жігері әбден жүн болған халық. Заң органдары жергілікті ұлттың балаларын ғана қамайды, олар кінәлі болса да. Міне, осында отырған адамдардың барлығы біледі, Байсүгіров Ақымта деген кісі болған. Біздің ағаларымыз. Өте мықты ұйымдастырушы, колхоздың бас инженері болған. Сол кісі осы жерде бір көкпар болған кезде дүнғандармен ерегесіп қалып, үлкен кісі, ол кезде 70-ке шыққан, сонда солар ұрып, артынан басынан шатасып қайтыс болды. Рас па осы (жиналған қауым бұл фактіні бір ауыздан растады)? Апарып қамап тастаған оны, сонда дүнгеннің біреуін қамамайды. Ал қазққа келгенде 80-ге келген шалында дейін қамайды. Бұл қандай заң, бұл қандай мемлекетпіз біз? Өз елімізде, өз жерімізде жүріп, өзіміздің құқығымызды қорғай алмасақ, өзіміздің бала-шағамызды қорғай алмасақ, онда несіне жүрміз бұл жерде? Ондай егемендіктің керегі не?", - деді ол кісі күйініп