Қытайдан ел азаматтарын эвакуциялаған ұшақ Алматыға қонды

видеодан алынды
Олармен бірге Қырғызстанның азаматтары да жетіп алды.

Қазақстан Қытайдан тағы 211 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды zakon.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін таңертеңгі сағат 7-де Бейжіңнен шыққан, ішінде 211 жолаушысы, оның ішінде 171-і Қазақстан және 40-ы Қырғызстан азаматтары бар ұшақ Алматыға қонды, делінеді хабарламада.

Қазақстандықтар инфекциялық бақылаудың барлық талаптары қатаң сақталған Алматы қаласының көп салалы клиникалық ауруханасына жатқызылды. Ал қырғызстандықтар Бішкекке жөнелтілді.

Қазақстан азаматтары ауруханада үш күн болып, коронавирус пен ЖРВИ бойынша зертханалық тексеруден өтеді. Ауруханада жату мерзімі медициналық көрсетілімдер болған жағдайда ұзартылуы мүмкін. Қазір келгендердің денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, ешқандай шағымдары жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты