"Есіл аудандық мәдениет үйі" директоры 888 332 теңге жымқырды

zakon.kz
Ақмола облысында "Есіл аудандық мәдениет үйі" МКҚҚ директоры бюджеттік қаражатты жымқырғаны үшін сотталды.

Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен 888 332 теңге көлемінде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша "Есіл аудандық мәдениет үйі" МКҚҚ директоры А.Ж.Әбдіғапароваға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды zakon.kz.

2017-2018 жылдар аралығында А.Ж.Әбдіғапарова шын мәнінде жұмыс істемеген азаматша А.С.Бейсенованы жалған жұмыспен қамту және оның жалақысын заңсыз аудару арқылы көрсетілген соманы жымқырған.

2020 жылдың 12 ақпанында Есіл аудандық сотының үкімімен А.Ж.Әбдіғапарова кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленбестен ең төменгі қауіпсіздікті қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде жазасын өтеуге екі жылға бас бостандығынан айырылды және ол мемлекеттік қызметте өмір бойына қызмет атқару құқығынан айырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Тоқаев Үкіметке жаңа міндет жүктеді