Арым таза адаммын – Бағдат Мәнізоров

Azattyq Rýhy
Мәнізоров мемлекеттік қызметке қалай келгенін айтты.

Жақында Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен босаған Бағдат Мәнізоров Azattyq Rýhy ақпарат агенттігіне берген эксклюзивті сұқбатында өзіне қатысты даулы оқиғаның мән-жайы туралы айтып берді.

Ол бұған дейін Azattyq Rýhy тілшілеріне қызметтен не үшін кеткені туралы телефон арқылы қысқаша сұқбат берген еді. Елдегі ең атышулы шенеунік бұл жолы бейнесұқбатында Шалбай Құлмаханов, Ахметжан Есімов, Амандық Баталовпен қарым-қатынасы туралы айтады.

Тоқсаныншы жылдары Жетісу өңіріндегі ең беделді кәсіпкер Талдықорғандағы орталық саябақты қалай сақтап қалғанын, экономикалық дағдарыс кезіндегі базардың, сауда орындарының рөлі және бизнестен мемлекеттік қызметке қалай келгені туралы баяндайды.

Алматының Алатау ауданын құрудағы Ахметжан Есімовпен бірігіп атқарған шаруалары туралы кеңінен әңгімелейді. Сондай-ақ, Алматы облысында 3500 кәсіпкер Шалбай Құлмахановқа неге қарсы шықты деген сауалға алғаш рет ашық жауап берді.

Төрт ай сергелдеңге салған тергеу органдарының қандай мақсаты болғанын, отбасының кәсібі және өзінің үстінен жалған арыз ұйымдастырғандарды кім "айдап салды" деген сауалдарға бүкпесіз жауап қатады.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті