Нұр-Сұлтанда көз ашқысыз ақ түтек боран

zakon.kz
Қаладан келетін жолдар барлық бағыт бойынша жабық.

Нұр-Сұлтан қаласында ауа-райы мінез көрсетіп жатыр: ат құлағы көрінбейтіндей, ұйытқып соққан қарлы боран. Осыған байланысты қалада Төтенше жағдайлар департаментінің, қаланың азаматтық қорғау қызметтері, аудан әкімдіктері, "ҚазАвтоЖол" РМК қызметкерлерінің құрамы түгелдей енетін жедел штабтар құрылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК мәліметтеріне жүгіне отырып, 19 ақпанда қалада күн бұлтты, күндіз-түні толассыз қар жауып, ұйытқып боран соғатынын ескертеді. Оңтүстік-батыстан соққан желдің секундына екпіні 15-20, тіпті кей жерде 23 метрге дейін жылдамдықпен ұйытқиды. Түнде ауа температурасы 6-8, күндіз 0-2 градус аяз болады.

Қазгидрометтің дауылды ескертуінен кейін 19-ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің білім бөлімінің шешімімен, мектептердің бірінші ауысымдағы 0-11 сыныптар үшін және колледждердің бірінші ауысымдағы 1-2 курстарына үшін сабақ тоқтатылды. Қалада Төтенше жағдайлар департаментінің, қаланың азаматтық қорғау қызметтері, аудан әкімдіктері, "ҚазАвтоЖол" РМК қызметкерлерінің құрамы түгелдей енетін жедел штабтар құрылды. Сенім телефондары іске қосылды: 24-51-71.24-51-47.24-52-12, - деп хабарлады ТЖД.

Қаладан келетін жолдар барлық бағыт бойынша жабық.

Елордалық төтенше жағдайлар департаменті қала сыртына жолға шықпауға, жолға шыққан жағдайда қырағылық танытуға, ауа-райының өзгеруі мен енгізілген шектеулер туралы ақпаратты бақылауға кеңес береді!

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі