Ташкент базарларында тауар қымбаттады

ozodlik.org
"Урикзор" көтерме базардағы тауарлардың шамамен 60 пайызы көрші Қырғызстан мен Қазақстан арқылы Қытайдан әкелінеді.

Ташкенттегі ірі көтерме базарларда қытай тауарларының бағасы 5 пайыз қымбаттады. Кәсіпкерлердің айтуынша, Қырғызстан Қытаймен сауда жолын жапқан соң тауар жеткізу баяулап, баға көтерілген, деп хабарлайды centralasian.org.

Қытай тауарларының бағасын 5-10 пайызға қымбаттатқан қырғыз кәсіпкерлері қоймадағы қор азайып бара жатқанына алаңдап отыр.

Ташкентте "Урикзор" көтерме базарында істейтін кәсіпкердің айтуынша, жағдайдың мәз емес екенін ескеріп, тауар бағасын бес пайызға қымбаттатуға мәжбүр болған.

"Қытайдан тікелей тауар алу тоқтаған соң, айналма жолдарды пайдалануға тура келеді. Олар бағаны көтеріп жіберді", - дейді кәсіпкер.

Оның айтуынша, базарда сатып алушылар азайған, сауда баяу жүріп жатыр. "Базарда да коронавирустан қорқады. Сол себепті бағаны қатты көтере алмамыз. Бірақ тауар қоры таусылып қала ма деп те қорқамыз", - деді кәсіпкер.

"Урикзор" көтерме базардағы тауарлардың шамамен 60 пайызы көрші Қырғызстан мен Қазақстан арқылы Қытайдан әкелінеді.

Өзбекстан 1 ақпаннан бастап Қытайға ұшатын рейстерді уақытша тоқтатты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды