Нығматулин Еуропарламент делегациясын қабылдады

Ж.Құспанов
Өз кезегінде Мартушелло Қазақстанды Еуропа бойынша стратегиялық, ал, Орталық Азия деңгейінде көшбасшы ел ретінде жоғары бағалайтынын жеткізді.

Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин "Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ" Парламенттік ынтымақтастық комитетінің тең төрағасы Фульвио Мартушелло бастаған Еуропалық Парламенттің делегациясын қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліс Төрағасының айтуынша, Еуропалық Одақ біздің еліміздің стратегиялық әріптесі саналады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Брюсселмен ынтымқтастық мәселесіне ерекше зор көңіл бөліп келеді.

Осы сыртқы саяси бағыт ұстанымдарын қазіргі уақытта Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев одан әрі жалғастыруда.

Н. Нығматулин ынтымақтастық орнаған 27 жыл ішінде өзара іс-қимыл белсенді дамып келе жатқанын алға тарта келіп, 1 наурыздан бастап толықтай күшіне енетін Кеңейтілген әріптестік туралы Келісім Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы екіжақты қатынас тарихында жаңа кезең басталғанын білдіретінін және қазақстандық-еуропалық байланыстың барлық қырлары бойынша байланыстарды нығайтуға мүмкіндік беретінін баса атап өтті.

Өз кезегінде Мартушелло Қазақстанды Еуропа бойынша стратегиялық, ал, Орталық Азия деңгейінде көшбасшы ел ретінде жоғары бағалайтынын жеткізді. Қазақстанның адам құқығын қорғау, алға ұмытылу жолындағы батыл қадамдары қызығушылылық туғызатынын айтты.

Мәжіліс Спикері Еуропалық Парламентте алғаш рет Қазақстанмен достық тобы жұмыс бастағанын алға тарта отырып, әріптес тараптың парламентаралық диалогты нығайту ниеттеріне қолдау білдірді.

Одан әрі "Қазақстан Респубикасы – Еуропалық Одақ" парламентаралық ынтымақтастық комитеті, достық тобы және партияаралық іс-қимыл аясында етене байланыс орнату маңыздылығына тоқталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды