Оңтүстік Корея ауруханасы марқұм алматылықтың денесін туыстарына бермей жатыр

awo.kz
Отбасы оны емдеу үшін 46 мың доллар қарызға батқан. Осы қарыз өтелмейінше, клиника марқұмның денесін бермейтінін айтқан.

Оңтүстік Кореяда қайтыс болған алматылық әйелдің отбасы қазақстандықтардан көмек сұрайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Astanatv.kz хабарлағандай, Вячеслав Тарабрин бір аптадан астам уақыттан бері әйелін жерлей алмай жүр. Ирина Ким Оңтүстік Корея клиникасында қайтыс болған. Бірақ шетелдік дәрігерлер әйелдің денесін қайтармай жатыр. Отбасы оны емдеу үшін 46 мың доллар қарызға батқан. Осы қарыз өтелмейінше, олар марқұмның денесін бермейді екен. Оның туыстары Сыртқы істер министрлігінен көмек сұрады. Бірақ дипломаттар тек жеңілдік туралы келісуге уәде берді. Ер азамат қазірдің өзінде 10 мың доллар жиналғанын айтты.

Бірақ бізге әлі ақша керек. Кремация шығындары да бар. Себебі бұл вирустың салдарынан денені сыртқа шығаруға болмайды. Бүгін 9 күн болды өмірден озғанына, жерлеу керек еді. Бізге ешқандай уақыт бермей отыр, біз ақша жиналған соң бір нәрсесі болады деп үміттенеміз, - дейді Вячеслав Тарабрин.

Заңгерлер бұл мәселені шешудің басқа жолдары бар екенін айтады.

Консулдық азаматтар бұл соманы төлейтініне кепілдік беріп, қолхат ұсынса немесе олар өз қаражаттарынан осы емхананың кейбір шығындарын өтеп берсе, - дейді адвокат Руслан Қожахмет.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Құрылтай құрамына кімдер енді: саяси партиялар кандидаттар тізімін жариялай бастады

Аудит нәтижесі: Қазақстан атынан шетелге баратын спорт делегациясы қатаң іріктелетін болды

Boeing ұшағы Атлант мұхитының үстінде белгісіз себеппен апаттық сигнал берді

Алматыда қыркүйек қандай болады: күзгі салқын қашан келеді және "күзгі жылымықты" күтуге бола ма