Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2025 08:10 Сурет: akorda.kz
9 мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқын Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының сөзінше, осы мерейлі күнді еліміздің әрбір азаматы ерекше көңіл-күймен қарсы алып, Жеңімпаз аға буынға шексіз ризашылығын білдіреді.  Фашизмге қарсы сұрапыл соғыс халқымызға орасан зор қайғы-қасірет әкелді.

Біздің қаһарман жауынгерлеріміз асқан ерлік пен батылдық танытып, азаттық пен әділдік жолында аянбай күресті. Жүз мыңдаған сарбазымыз ұрыс даласында қаза тапты. Тылдағы жұрт та адам айтқысыз қиындыққа қарамастан тынымсыз тер төгіп, Жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосты. Олар егіс алқабында, зауыттар мен фабрикаларда күн-түн демей жұмыс істеп, майданды қамтамасыз етті.

"Біз отандастарымыздың қайтпас қайсарлығы мен қажырлы еңбегін ешқашан ұмытпаймыз. Жанқиярлық пен ерліктің озық үлгісін көрсеткен батырларымыздың есімін әрдайым ұлықтаймыз. Ардагерлерімізге қамқорлық жасап, қолдау білдіреміз". Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстанда Жеңіс күніне орай көптеген іс-шара өткізіліп жатыр. Еліміз бойынша бес жүзге жуық көшені қаһарман ерлеріміздің атымен атау туралы шешім қабылданды. Ауқымды әскери шеру өтті. Мұның бәрі зұлмат соғыстың зардабын халқымыз ешқашан жадынан шығармауы үшін қажет.

Тоқаевтың айтуынша, біз Жеңіс күнінде бейбіт өмірдің қадірін ұғынып, достық пен тыныштықтың маңызды екенін терең түсіндіреді.

"Осы мызғымас құндылықтар әрдайым халқымыздың әл-ауқатын арттырудың және Қазақстанды тұрақты дамытудың берік негізі болып қала береді. Мен бұған кәміл сенемін. Қадірлі ардагерлерімізге және барша отандастарымызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!", - деді Президент.     
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: