Президент қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің өліміне қатысты түсінік берді

Ақорда
Өкінішке қарай, мен қоғам белсендісі Ағаділдің жүректен қайтыс болғанын сеніммен айта аламын. Ал басқадай десем, бұл шындыққа қарсы шыққаным болар еді.

Соңғы күндері елімізде де, шетелде де тергеу изоляторында қайтыс болған қоғам белсендісі Дулат Ағаділ туралы қызу талқыланып жатыр. Елордада осыған байланысты наразылық митингісі де өтті. Көптеген адам оның өлімі туралы ресми мәлімдемеге күмәндана қарайды, оны азаптап өлтіруі мүмкін деп болжайды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Informburo.kz порталына берген эксклюзивті сұхбатында қоғам белсендісінің өліміне қатысты түсінік берді.

Бұл мәселенің қоғамда үлкен резонанс туғызғанын ескере отырып, мен бұл іспен мұқият танысып шықтым. Өкінішке қарай, мен қоғам белсендісі Ағаділдің жүректен қайтыс болғанын сеніммен айта аламын. Ал басқадай десем, бұл шындыққа қарсы шыққаным болар еді. Марқұм өмірде кім болмасын, қандай көзқарас ұстанбасын, ол, ең бастысы адам. Адам өмірі қайталанбас әрі құнды. Барлығымыз Алла Тағаланың қалауына құлдық ұрамыз. Иманда болсын, - деді Президент.

25 ақпанда қоғам белсендісі Дулат Ағаділ Нұр-Сұлтан қаласында тергеу изоляторында қайтыс болғаны белгілі болды. Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, ол жүрек жұмысының жетіспеушілігінен көз жұмған. 42 жастағы Дулат Ағаділ әлеуметтік мәселелерді көтеретін және азаматтық құқықтар мен бостандықтарды сақтауды жақтайтын қоғам белсендісі болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі