Бішкектегі митинг кезінде қанша адам зардап шеккені белгілі болды

mediazona.ca
Митинг кезінде милиция мен наразылық білдірушілер таспен атысқан.

Бішкекте Садыр Жапаровты жақтаушылардың митингісінен кейін медициналық көмекке 22 адам жүгінді, деп хабарлайды zakon.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз орталығының мәліметінше, 3 бейбіт тұрғын және 19 тәртіп сақшысы медициналық көмекке жүгінген. 21 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қанағаттанарлық жағдайда амбулаториялық емдеуге жіберілді, - делінген хабарламада.

Бір милиция қызметкері бас миының шайқалуы, мойын омыртқасының сынуына байланысты Ұлттық госпиталдың нейротравма бөліміне жатқызылды. Оның жағдайы қанағаттанарлық.

Кеше Бішкекте өткен митинг кезінде 166 қамауға алынған, оның 162-сі сұрақ-жауаптан соң босатылды. Олармен профилактикалық әңгіме өткізілді. Митингіге қатысқан төрт адам ұсталды.

Оқи отырыңыз: Қырғыздар көтеріліп кетті

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді