Жаңалықтар тізбегі
0

Қырғыздар көтеріліп кетті

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2020 03:44 видеодан алынды
Рейдтік іс-шаралар түні бойы жалғасады, - деді Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Алмаз Орозалиев.

Қырғызстанның астанасында жаппай тәртіпсіздіктер белең алды. Бұл туралы Инстаграмдағы куәгерлер, сондай-ақ жаңалықтар агенттігі хабарлап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

24kg порталының хабарлауынша, Садыр Жапаровты қолдаған митинг милиция кордонын бұзып өтіп, Ақ үйдің территориясына баса-көктеп кірген.

Жапаровтың жақтастары билікке саясаткерді босатуға жарты сағат уақыт берді, содан кейін наразылық білдірушілердің бір бөлігі Ақ үйге қарай беттеген. Олар ғимараттың ешкім шықпайтындай етіп есігін тарс бекітіп тастады.

Митингіге қатысушылар полицияға тас лақтырды.

Азаттықтың қырғыз қызметі Бішкектегі милиция қызметі күшейтілген режимге көшкенін хабарлады. Таңертең наразылық білдірушілер алаңға шыққан, милиция демонстранттарды тарату үшін ешқандай әрекет жасамаған, жағдай тек кешке ушыққан.

Sputnik Қырғызстан милицияның наразылық білдірушілерді тарата бастағанын, қауіпсіздік күштері су мен дыбыс шығаратын граната қолданғанын жазды.

Соңғы келіп түскен мәліметтерге сәйкес, полиция экс-депутат Садыр Жапаровты қолдауға арналған митингті таратып, қауіптің алдын алған.

Сағат 18: 20-да полиция наразылық білдірушілерді таратуға кірісті. Адамдар қашып кетті.

Тәртіпсіздіктер салдарынан полиция қызметкері жарақат алды. Ішкі істер министрлігі медициналық бөлімінің бастығы Нұрдин Медеровтің айтуынша, полиция қызметкеріне тас тиген.

Оның айтуынша, әзірге қанша полиция қызметкерінің зардап шеккені туралы нақты мәліметтер жоқ. Екі жедел жәрдем бригадасы кезекшілікте болды, бірақ ешкім дәрігерлерден көмек сұраған жоқ.

Қазір Ала-Тоо алаңында наразылық білдірушілер қалған жоқ. Азаттық радиосының хабарлауынша Садыр Жапаровтың ағасы наразылық білдірушілерден тарауын сұраған.

Рейдтік іс-шаралар түні бойы жалғасады, - деді Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Алмаз Орозалиев.

2017 жылы парламенттің бұрынғы депутаты Садыр Жапаров Қырғызстанның сотымен 2013 жылы "Құмтор" алтын кен орнын ұлттандырғаны және "барымтаға алғаны үшін" Қаракөл қаласында өткен митингті қаржыландырды деген айыппен 11 жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Сотта Жапаров бұл айыптауды саяси астары бар деп қабылдамай тастады. Өткен жылдың сәуірінде Қырғызстан Жоғарғы соты Жапаровқа үкімді 10 жылға бас бостандығынан айыруды кесіп, жаза мерзімін қысқартты. Қараша айында саясаткер мемлекет басшысына рақымшылық жасау туралы өтініш берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: