Жетісайлық шаруа лимон өсіріп миллионер атанды

Отырар ТВ
Бұл қожалық тәжірибе ретінде 2 гектар жерге құрма еккен. Алайда сауысқан құсы дақылдың бұл түрінің өсуіне айрықша кедергі келтіріпті.

Түркістан облысы Жетісай ауданы Атамекен ауыл округіндегі "Нұрсұлтан" шаруа қожалығы өткен жылы 10 соттық лимон бағынан 5 тоннаға жуық өнім алған. Жиналған өнімнің әр келісін шаруа 800 теңгеден саудалап, 5 миллион теңге пайдаға кенелген, деп хабарлайды Отырар.

Сөйтіп, биыл лимон бағының көлемін тағы да 10 соттыққа ұлғайтыпты. Қазір мұнда көшеттер топыраққа отырғызылып, күтіп-баптауға алынған.

"Лимонның көшеттерін 2016 жылы Өзбекстан елінен арнайы алдырттық. Жылыжай құрып, үшінші жылы 3 тонна, ал биыл 5 тонна өнім алдық. Әр түп шамамен 30-40 келіден өнім берді. Негізінен әр түп лимон 25-30 жыл өнім беруге қауқарлы",- дейді жылыжай бағбаны Юлдаш Аблазов.

Жалпы, "Нұрсұлтан" шаруа қожалығының иелігінде 17 гектар жер бар. Оның 6 гектарына шабдалы, 20 соттығына жүзім, 20 соттығына лимон, 80 мың түп шайлы роза көшеттері егіліпті. Қожалық төрағасы Мұрат Жұмабеков алдағы жылы лимон көлемін тағы да 30 соттыққа арттыруды жоспарлап отыр.

Айта кетерлігі, бұл қожалық тәжірибе ретінде 2 гектар жерге құрма еккен. Алайда сауысқан құсы дақылдың бұл түрінің өсуіне айрықша кедергі келтіріпті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты