Сайрагүл Сауытбай "Ерлігі үшін" халықаралық сыйлықтың иегері атанды

gdb.rferl.org
2018 жылдың жазында оған және оның отбасына Швеция саяси босқын мәртебесін берген.

Қытайдың этникалық қазақ әйелі Сайрагүл Сауытбай International Women of Courage Award (IWOC) халықаралық сыйлығының иегері атанды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қытайдың Шыңжаң өңірінде тұрған Сайрагүл Сауытбай ұзақ уақыт бойы Қазақстанда босқын мәртебесін алуға тырысты. 2018 жылдың жазында ол тарихи отанын тастап, отбасымен Швецияға ұшып кетті.

Сауытбай алғашқылардың бірі болып Қытай Коммунистік партиясының Шыңжаңның байырғы этникалық топтарына қарсы жүргізген репрессиялық саясаты туралы ашық айтты, делінеді АҚШ Мемлекеттік департаментінің хабарламасында.

Бұл жүлде тағы 11 елдің өкілдеріне бұйырды.

Women of Courage Award (IWOC) халықаралық сыйлығы 2007 жылы тағайындалып, жыл сайын оны АҚШ Мемлекеттік департаменті көшбасшылық, батылдық және тапқырлық танытқан әйелдерге табыстайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тұрғынның ауласынан 18 келіден астам күміс табылды: ол викингтер дәуіріне тиесілі болып шықты