Ақшаны заңсыз қолма-қолға айналдыратын қылмыстық топ ұсталып қалды

azh.kz
15-тен аса жалған кәсіпорындар арқылы ақшаны қолма-қолға айналдырғаны белгілі болды.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында құқыққа қарсы іс-әрекетті жүзеге асыратын қылмыстық топты анықтады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторинг комитетінің БАҚ-пен жұмыс жөніндегі басқармасына сілтеме жасап.

Тергеу жұмыстары барысында ҰҚТ мүшелерінің 2019 жылғы наурыз айынан қазіргі уақытта дейін іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей және тауарларды тиеп-жүктемей шот-фактураларды ресімдеу жолымен заңсыз ақша қаражатын 15-тен аса жалған кәсіпорындар арқылы қолма-қолға айналдырғаны белгілі болды.

Салық төлемеу түрінде мемлекетке келтірілген залал көлемі шамамен 3 млрд теңгеден астам соманы құрайды.

Тінту жүргізу барысында мөр, ноутбук, принтер, бухгалтерлік құжаттама және жаңа жасалған шарттардың жобалары алынды.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, ҰҚТ ұйымдастырушыларын қамауда ұстау түріндегі жолын кесу шарасы қолданылды.

ҚР ҚК 216-бабына сәйкес іс жүзінде жұмыстарды орындамай шот-фактураларды ресімдеу әрекетін жасағаны үшін мүлкін тәркілеп мерзімі 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

25 тамыздан бастап Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырудың жаңа негіздері күшіне енеді