Жаңаөзенде жаңа жұмыс орындары ашылады

-
Барлық жобалар бойынша инвестиция сомасы 25 млрд.теңгені құрайды.

Бүгін Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасында аймақ басшысы С. Трұмовтың қатысуымен Өңірлік кеңесі мүшелерімен кеңейтілген отырыс өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Үкімет тапсырмасына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігіне әлеуметтік-инвестициялық жобаларды жасақтау тапсырылған болатын. Осыған орай, Жаңаөзен қаласында жұмыспен қамтуды ынталандыру үшін «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының сатып алуларын оқшаулау арқылы кәсіпкерлік субъектілерін тарту жұмыстары жүргізіліп, қорытындысында 33 компаниядан 39 жоба бойынша ұсыныс келіп түскен болатын,- деп атап өтті облыс әкімі Серікбай Трұмов.

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасаевтың айтуынша, барлық жобалар бойынша инвестиция сомасы 25 млрд.теңгені құрайды және 1 300-ден астам жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда, жалпы сомасы 759 млн.теңгені құрайтын екі жоба бойынша келісім-шартқа қол қойылды, оның нәтижесінде 40-тан астам жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Келісімшарт жасақтау сатысында 5 жоба қарастырылуда.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарымен Жаңаөзен қаласында кәсіпкерлікті дамыту және жұмыспен қамтуды ынталандыру бойынша жобаның Жол картасы бекітілді.

"Өзенмұнайгаз" АҚ сатып алуларына кәсіпкерлік субъектілерін тарту және оқшаулау арқылы Жаңаөзен қаласында жұмыспен қамту бойынша өңірлік бірлескен жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының басшысы болып - облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаев және хатшысы ретінде Кәсіпкерлер палатасының басшысы Нұрбек Қарасаев тағайындалды.

Осы уақытқа дейін, аталған жұмыс тобының 5 отырысы өтіп, жобаларды жүзеге асырудағы мәселелер бойынша сұрақтар қарастырылды.

Шара соңында Жаңаөзен қаласының әкімдігі, "Өзенмұнайгаз" акционерлік қоғамы және Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасымен үшжақты меморандумға қол қойылды. Осы меморандум аясында "ӨзенМұнайГаз" компаниясы сатып алуды жүзеге асыру тәртібін сақтай отырып, жұмыс орындарын құру жөніндегі мәселенің әлеуметтік маңыздылығын ескеріп, "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ-ның сатып алу стандарты жобасын іске асыру үшін жағдай жасауға міндетті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады