Англия футболшыларға ойын алдында қол алысуға тыйым салды

Getty Images
Ойыншылар қол алыспай бір-бірінің жанынан өте шығуы керек екен.

Коронавирустың кесірі бәрі. Ағылшын премьер-лигасы матч алдында футболшылар, төрешілер арасында қол алысатын ескі дәстүрге уақытша тыйым салды, деп хабарлайды zakon.kz eurosport.ru-ға сілтеме жасап.

"Осы демалыстан бастап ойыншыларға бір-бірімен де, төрешілермен де қол алысу болмайды. Дәрігерлер "енді амандаса беріңдер" деген рұқсат бермейінше осындай шектеу енгізілді. Коронавирус ауыз бен мұрыннан шығатын көзге көрінбес тамшылар арқылы тарайды, сондықтан қол алысу арқылы ауру жұғуы бек мүмкін. Командалар енді бұрынғыдай Премьер-лиганың ресми музыкасы ойналғанда сапта тұрады, сосын бірақ алаң иелерінің ойыншылары кері бұрылып, қарсыластарының қолын алмастан жанынан өте шығады", – делінеді АПЛ мәлімдемесінде.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 98 мың адамға жақындап қалды, 3,3 мыңнан астам қайтыс болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды