Үрей. Оны өзге емес, бас санитар септі

Reuters
Күлдік... Жүрекке күдік ұялады. Бала-шағаға алаңдайсың.

Бекшиннің мәлімдемесі біздің үкіметтің сауатсыздығын аша түсті, деді желіде журналист Серік Әбікенұлы.

Пост авторы үш сауал тастайды:

1) Оның болжамы бойынша ертең коронавирус елге тап беретін болса, ересектерді былай қоя тұрып, бүгіннен бастап мектептерді жауып, балаларды қорғауды қолға алмай неге тапжылмай отыр?

2) Вирус келмей қалса, Бекшин неге дүрліктірді? Ел маска іздеп, түрлі дәрі сатып алып, үйді адыраспанмен аластап у да шу;

3) Ауру шыққан ғой, әйтпесе айтпас еді. Енді қалай болар екен деп ел-жұрт Бекшиннен емес, бір-бірінен сұрауда.

– Үрей. Оны өзге емес, бас санитар септі. Қытайда науқастар азайып, коронавирусқа қарсы ашылған ауруханалар біртіндеп жабылып, алаң көңіл әлемге аздаған сабыр кіре бастағанда Қазақстан сенген маманның байбалам салып бал ашуы бұл салаға деген сенімді мүлдем семдірді. Мұндайды жалған ақпар арқылы елді дүрліктіру дейді. Паника. Бас санитар – Бас паникер болғаны қиын екен..., деп пайымдайды ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды