Денсаулық сақтау министрлігі карантиннен жалтарған әйелге қатысты түсініктеме берді

ИнАктау
Карантин режимін бұзған адамға заңда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі карантиннен жалтарған Жамбыл облысының тұрғыны туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Әлеуметтік желі және месенджерлер арқылы Жамбыл облысында карантиннен жалтарып жүрген Т. деген әйел азамат туралы ақпарат пайда болды.

Мұндай ақпарат 8 наурызда Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасына келіп түскен. Екі сағат ішінде онымен байланыс орнатылып, оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес карантин режимін сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 8 наурызда медициналық қызметкерлер Т. деген азаматты 14 күндік карантинге орналастырды. Бүгін оның жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы көтерілмеді және басқа да клиникалық вирустық белгілер байқалмайды, деп хабарлады министрліктегілер.

Айта кетелік, карантин кезінде оқшауланған аумақтан шығуға қатаң тыйым салынады. Карантин режимін бұзған адамға заңда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс