Қазақстанда өткізілетін барлық спорттық шараларға шектеу қойылды

weproject.media
Бұл шектеу оқу-жаттығу жиындарына немесе халықаралық жарыстарға баратын ұлттық құрамаларға да қатысты

Қазақстанда барлық бұқаралық спорттық шаралар тоқтатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Спорттық іс-шараларға салынған тыйым туралы ақпаратты Sputnik Қазақстан агенттігіне ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз хатшысы растады.

"Иә, бәрі дұрыс. Коронавирустың кесірінен барлық спорттық іс-шаралар тоқтатылды", - деді баспасөз хатшысы Қазақстанда өтетін бұқаралық спорттық жарыстарға шектеу қойылғаны рас па деген сұраққа берген жауабында.

Бұл шектеу оқу-жаттығу жиындарына немесе халықаралық жарыстарға баратын ұлттық құрамаларға да қатысты. Уақытына тоқталсақ, бұл осы жылдың бірінші жарты жылдығына қатысты шаралар, - деп қосты агенттікке сұхбат беруші.

Қазір "Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңінде бақ сынап жатыр. Команданың матчтарын кейінге шегеру немесе оны тоқтату туралы шешім әлі қабылданған жоқ.


"Барыс" хоккей клубына қатысты мәселе қазір қарастырылып жатыр. Хоккей клубтарына артықшылық беріліп, матчтар өткізіліп қалуы да мүмкін, - деді комитет өкілі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады