Президенттің шетелге сапарлары қысқаруы мүмкін

иллюстрация үшін алынды
Әзірге шетелдердегі іс-сапарлардың бәрі тоқтап тұр - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.

Коронавирус қаупіне байланысты президенттің шетелге сапарлары қысқаруы мүмкін. Ал мемлекеттік қызметкерлердің шет мемлекеттерге іс-сапарлары тоқтап тұр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Кеше ғана бас санитар дәрігер коронавирус ел аумағында тіркелуі мүмкін екенін айтып, жұртты дүрліктірген. Дегенмен бүгін қауіпті дерт белгісі табылған жоқ.

Анар Жайылғанова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы:

- Коронавирусқа байланысты ешқандай мемлекеттік қызметте қазір шектеу жоқ. Құдайға шүкір, қазір бізде, Қазақстанда коронавируспен ауырған адамдардың тізілімі жоқ. Әзірге шетелдердегі іс-сапарлардың бәрі тоқтап тұр.

Ал Сыртқы істер министрлігі "Президент сапарларында өзгеріс болуы мүмкін бе?" деген сауалға нақты жауап бере алмады.

Ал Денсаулық сақтау министрлігі берген мәлімет мынадай: 11-ші наурыздағы жағдай бойынша барлығы 3974 адам бақылауда тұр. 90 адам дене қызуымен және жұқпалы респираторлық вирус инфекциясымен емдеуге жатқызылды. Оның 52-сі шығарылған. Қалған 38 науқас стационарда жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі