Төтенше жағдай мерзімінен бұрын да тоқтатылуы мүмкін – Ерлан Қарин

platon.asia
Бірақ әзірге бәріміздің – мемлекеттік органдар, бизнес пен азаматтардың жаңа жағдайға икемделуі керек екенін айтып өтті.

Эпидемиологиялық жағдай ушықпаса, төтенше жағдай режимі мерзімінен бұрын да тоқтатылуы ықтимал. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазақстан төтенше жағдайды енгізген жалғыз мемлекет емес. Төтенше жағдай тәртібі АҚШ, Италия, Болгария, Сербия, Эстония, Румыния, Чехия және басқа да елдерде енгізілген. Бірқатар мемлекеттер вирустың таралуы кең етек жайып және жағдай бақылаудан шыға бастаған кезде ғана төтенше жағдайды енгізуге мәжбүр болды. Қазақстандық билік төтенше жағдайды алдын алу шарасы ретінде енгізуде. Бұл ретте, біздің билік жедел әрі ілгері әрекет етуде. Төтенше жағдай режимін енгізу - уақытша шара. Ол ұзартылуы да мүмкін. Бірақ егер эпидемиологиялық жағдай ушықпаса, төтенше жағдай режимі мерзімінен бұрын да тоқтатылуы ықтимал", - деп жазды Президенттің кеңесшісі.

Бірақ әзірге бәріміздің – мемлекеттік органдар, бизнес пен азаматтардың жаңа жағдайға икемделуі керек екенін айтып өтті.

"Басты басымдылық — xалқымыздың денсаулығы", - деді Ерлан Қарин.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады