Кедендік тексерулерге жекелеген шектеулер енгізілді

кедендік тексеріс құжаттарын және кедендік құжаттар мен мәліметтерін беру тоқтатылды.

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл шаралары аясында және қауіпсіздіктің күшейтілген режиміне көшкендіктен кедендік тексерістер бойынша келесі шаралар тоқтатылды:

1) кедендік тексеріс құжаттарын және кедендік құжаттар мен мәліметтерін беру (тексеріс актілері, хабарламалар, талап қою) тоқтатылды;

2) тағайындалған көшпелі кедендік тексерістер, бірақ 2020 жылғы 16 наурыз күні күйінде басталмаған тексерістер тоқтатылды;

3) көшпелі кедендік тексерісті тағайындауды ҚР Қылмыстық-процессуалдық Кодексімен көрсетілген ("Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 418-бабы 10-тармағы 10 тармақшасына сай) жағдайлардан басқа тоқтатылды;

4) мемлекеттік кірістер органдары мен декларант арасындағы ҚР Кодексінің 26 және 65 баптарына сай және ҚР ҚМ 2018 жылғы 23-ақпанындағы №264 "Консультациялар жүргізу қағидаларын және мерзімін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес консультация жүргізу сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдау тоқтатылды;

5) шет ел тауарларын қолдану бойынша есептілік табыстау уақыты өзгертілді, онын ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №367 бұйрығымен бекітілген ЕАЭО СЭҚ ТН белгіленгеннен төмен мөлшерде әкелінген кедендік баждар қолданылған тауарлар үшін есептілікті тоқсаннан жарты жылдықта бір рет келесі айдың 10-на дейінге өзгертілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: