Қоғамдық кеңес Алматының бас санитарлық дәрігерін жұмыстан босатуды талап етті

kursiv.kz
Басты себебі - кәсібіне сай емес іс-әрекет қылуы, нақтырақ айтқанда, карантинді бұзуы.

Осы сипаттағы жазбаны Марат Шибұтов өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қоғамдық кеңесі бас санитарлық дәрігерді қызметінен босатуды талап етті. Басты себебі - кәсібіне сай емес іс-әрекет қылуы, нақтырақ айтқанда, карантинді бұзуы.

Егер қаланың бас санитарлық дәрігері ауру жұқтырған адаммен бірге бір ұшақта болып, одан кейін карантинге жатпаса, оның орнына бірнеше күн бойы жұмысқа барып, жиналыстарға қатысса, әрине оны енді мұндай лауазымды қызметке алмайтындай етіп, жұмыстан босату керек, делінген хабарламада.

Қоғамдық кеңес мүшелері Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтан қызметтік тексеру жүргізуді және Молдағасимованың өз лауазымына сай-сай еместігі мәселесін қарауды сұрады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады