Елбасы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

24.kz
Биыл біз Наурызды бірінші рет мерекелік жиындар мен салтанатты іс-шараларсыз атап өтіп жатырмыз.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев құттықтауының мәтіні Елбасы сайтында жарияланды.

Құрметті отандастар!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймын!

Біз осы жарқын мейрамды әрдайым асыға күтеміз.

Бұл – тіршілік атаулы жанданып, жер-дүние жаңаратын кезең.

Биыл біз Наурызды бірінші рет мерекелік жиындар мен салтанатты іс-шараларсыз атап өтіп жатырмыз.

Оның өзіндік себебі бар.

Бүкіл дүниеге тараған вирус қаупіне тап болдық.

Бірақ көктемнің келуі мен мерекелік көңіл-күйге бөленуге ештеңе кедергі бола алмайды.

Біз біртұтас халықпыз және елімізді өркендету жолында жұмыла жұмыс істеуге дайынбыз.

Еліміздің алдында тұрған барлық сынақтардан ауызбірлік пен табандылықтың арқасында сүрінбей өтетінімізге сенімдімін.

Ұлтты ұйыстырған дәстүрлі мерекеміз баршаның үмітін ақтап, жаңа белестерді бағындыру үшін күш-қуат пен қажымас қайрат әкелсін.

Осынау шуақты мейрамда әрбір шаңырақ шаттық пен игілікке толсын.

Баршаңызға ырыс-ынтымақ, денсаулық пен бақ-береке тілеймін!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді