Елордада коронавируспен ауруханаға түскен екі науқастың жағдайы ауыр

time.kz
Емдеу процедуралары клиникалық хаттамаға сәйкес жүргізіліп жатыр

Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы Сәуле Қисықова елордадағы коронавирус науқастардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазіргі уақытта стационарлық емдеуге жатқызылған коронавирус инфекциясы бар екі науқастың жағдайы - тұрақты ауыр, күрт нашарлау жоқ. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Емдеу процедуралары клиникалық хаттамаға сәйкес жүргізіліп жатыр, - деді Қисықова "Хабар 24" телеарнасы эфирінде.

Басқа науқастарда жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Олар да клиникалық хаттамаға сәйкес ем алып жатыр.

Айта кетсек, бүгінгі таңда республикамызда коронавирус инфекциясының 251 жағдайы расталды, оның 151-і Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі