Шымкентте карантинге қарамастан жезөкшелердің жұмысы қызып тұр

видеодан кадр
Тұрғын түгілі, тәртіп сақшыларынан айылын жимайтын оларға, әзірге "әй" дейтін әже, "қой" дейтін қожа табылмай тұр.

Шымкентте қосымша шектеулер енгізілгеніне қарамастан, жезөкшелердің жұмысы қызып тұр. Тәнін сатып үйренгендер тіпті, әлемге жайылып кеткен дерттен секем алатын түрлері жоқ.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бұл - Шымкенттегі Шәмші Қалдаяқов көшесі. Мұнда тәуліктік пәтерлер өте көп. Жезөкшелер де жетерлік. Тұрғын түгілі, тәртіп сақшыларынан айылын жимайтын оларға, әзірге "әй" дейтін әже, "қой" дейтін қожа табылмай тұр.

Жезөкшелермен жасырын әңгіме:

Қайда барасыңдар екеуің крассавчик болып? День рождения. Енді барасыңдар ма, енді басталады ма? Енді басталады.


Мына екі бойжеткен тілшілердің жасырын камерасына қалай түсіп қалғанынан бейхабар. Бейәдеп сөздерді білгенінше сайрап, тәнін сатуға дайын тұр. Тек, ортақ келісімге келсе болғаны.

Жезөкшенің әңгімесі:

а, түнгі 2-де келеміз. На 2 часа. Да. Сағат 4-ке дейін, я. Номер запиши тода. Обязательно. Ағай, менің де номерімді запишите.

Түнгі көбелектер тұрақтайтын орындар үшінші мегаполисте аз емес. Қаланың орталығы зинақорлардың ордасына әлдеқашан айналып кеткені рас. Мұнда тәулікке жалға берілетін пәтерлер де көп. Күн батқанда қызық қуатындар да осы жерден табылуға құмар. Ерігіп, бой сергітетіндер, тәнін саудалайтындар, қала берді, кәсіп үшін ақша табатындар да бой көрсетіп қалады.

Жыл басынан бері Шымкентте бірнеше жезөкшеліктің ордасы анықталған. Көпшілігі қылмыстық жауапқа тартылыпты. Сонда да олардың саны азаймай тұр.

Шыңғысхан Райымов, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының взвод командирі:

Аталған азаматшалар Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылады.


Тәнін сатушылардың арасында өзге елдің азаматшалары да кездесіп жататыны рас, әдетте. Оларды ұстап, елден шығарып жібергенімен, амалын тауып, қайта келетіндер де жоқ емес.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады