Шымкент халқы карантин, оқшаулану дегенді ұқпай ма?

otyrar.kz
Иляев көшесінде ығы-жығы қаптаған көлік, көшеде адам деген өріп жүр. Шымкент халқы бір-біріне қонаққа жиналып, вечір жасап жүр.

Шымкентте осы өзін-өзі оқшаулап отырған мен және менің азғантай таныстарым ғана сияқты, дейді желіде Diana Idris.

"Полиция күшейтілген тәртіпке көшті, енді көшеде пропусксіз жүруге болмайды" деп жатыр. Бірақ терезеге қарасаң – мүлдем басқа жағдай.

Иляев көшесінде ығы-жығы қаптаған көлік, көшеде адам деген өріп жүр. Бір шұғыл шаруамен жүрген адамдар емес олар, емін-еркін жүрістеріне қарасаң. Супермаркеттерде иін тірескен адам, қауіпсіз қашықтыққа қашып та үлгермейсің. Қоғамдық көлік жүріп тұр (өзіңнің жеке көлігіңмен жүруге болмайды, не деген логика десеңізші?!), деп таңданады пост авторы.

Шымкент халқы бір-біріне қонаққа жиналып, карантиндік вечір жасап жүр. Жұрт сияқты үйде отырып, өзін үйіндегі ішімдік пен видеозвонокпен алдап, көңіл көтеруге болмай ма?

Қоғамның санасы осындай болса – карантиннен өмірі шыға алмай қалуымыз мүмкін ғой, халық ереже дегенді ұқпайды екен.

Қарап отырып жыным келеді!

Айтпақшы, мүлдем "атып кеткен" персонаждар да (кейіпкерлер) бар. Олар не деп жүр дейсіз бе? "Бізді коронавирус деген желеумен бір сұмдық нәрседен көңілімізді аударып жатыр" дейді! Айтарға менің сөзім жоқ, дейді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі