ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Түркістан, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында коронавирус бойынша тіркелген жаңа деректерге қатысты мәлімет жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.
Батыс Қазақстан облысы - 1 жағдай
Уақытша ауруханада медбике болып жұмыс істейтін 49 жастағы науқас. COVID-19 инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары санатқа енетіндерді тексеру кезінде дерт анықталды.
ПЦР диагностикалық зерттеулерінің нәтижелері бойынша, оған COVID-19 диагнозы қойылды. Қазір ол облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем-дом басталды.
Қарағанды облысы - 11 жағдай
13 сәуірде коронавирус инфекциясының тағы 11 жағдайы зертханалық талдау нәтижесімен расталды. Бұл бұрын COVID-19 науқастармен байланыста болған адамдар, ал біреуі пульмонология бойынша бұрыннан ауруханада жатқан адам.
Қазір барлығы эпидемияға қарсы қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жеке боксқа ауыстырылып, ем жүргізіліп жатыр.
Түркістан облысы - 7 жағдай
Коронавирус инфекциясы бүтін бір отбасы мүшелерінен табылған: 1965, 1987, 1989, 1998, 2004 және 2010 жылы туылғандар. Олардың барлығы - Арыс қаласының Наурыз ықшамауданының тұрғындары. Сонымен қатар олармен Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауылының 1987 жылғы тұрғыны тығыз байланыста болған.
Қазіргі уақытта науқастар оқшауланып, ем жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, науқастармен байланыста болған азаматтарды анықтау және оқшаулау бойынша шаралар қабылдануда.