Алматыда №4 қалалық аурухананың бір бөлімі қызметкерлерімен қоса карантинге жабылды

инАлматы
Олардың барлығынан КВИ-ге талдау алынды.

Алматыда №4 қалалық ауруханасынан коронавируспен ауыратын науқас анықталды. Осыған байланысты аурухананың бүтін бір бөлімі қызметкерлерімен қоса карантинге жабылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қоғамдық денсаулық басқармасындағылар мұнда 6 сәуірде анафилактикалық шок жағдайында бір науқастың түскенін хабарлады. Одан дереу коронавирусқа тест алынған, бірақ талдау нәтижесі теріс шыққан. Алайда қайталап алынған талдау нәтижесі кейіннен оң нәтиже берді.

Осыған байланысты науқас Фтизиопульмонология орталығындағы уақытша стационарға жатқызылуға жіберілді. Ал ол жатқан №4 қалалық аурухананың терапия бөлімі эпидемиологиялық жағдайға байланысты медициналық қызметкерлерімен және науқастарымен қоса сыртынан жабылды, олардан КВИ-ге талдау алынды, олардың бір бөлігі теріс нәтижеде болып келді, ал тағы бір бөлігі әлі зертханада талдауда, деп хабарлайды Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды