"Бэк Эйр" ұшу сертификатынан айырылды

баспасөз қызметі
Әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы сертификаттырын алу үшін әуе компания қайтадан толық сертификаттау рәсімінен өтуі қажет.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі "Бэк Эйр" АҚ-ның пайдаланушы және әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы сертификаттарын қайтарып алды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Заңның 12 бабының 5-тармағына, 16-9 бабы 2-тармағының 10 тармақшасына сәйкес, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ жіберген бұзушылықтарды жою туралы нұсқауларды орындамауына байланысты "Бек Эйр" АҚ-ның пайдаланушы сертификаты кері қайтарып алынды. Сондай-ақ, "Бек Эйр" АҚ-ның 9 Fokker әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификаттары кері қайтарылды.

Пайдаланушы және жоғарыда көрсетілген әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы сертификаттырын алу үшін әуе компания қайтадан толық сертификаттау рәсімінен өтуі қажет.

Бұрын хабарланғандай, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп "Бек Эйр" әуе компаниясының қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін өрескел заң бұзушылықтары анықталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты