Жас диктатор Ким Чен Ын комаға түсті деген дерек жүр

RTVi
КХДР басшысы 15 сәуірде Ким Ир Сеннің 108 жылдығына орай салтанатты шараға қатысқан жоқ.

АҚШ барлауы операция жасалғаннан кейін Ким Чен Ынның денсаулығы күрт нашарлады деген деректерді зерттеуде, деп хабарлайды zakon.kz CNN News-ке сілтеме жасап.

КХДР басшысы 15 сәуірде Ким Ир Сеннің 108 жылдығына орай салтанатты шараға қатысқан жоқ. Мұндай жағдай тұңғыш рет болып отыр.

Соңғы рет Ким Чен Ын жұрт алдына 11 сәуірде Корея Жұмысшылар партиясы Орталық комитетінің Саяси бюро отырысында шықққан.

- Ким Чен Ынның денсаулығына байланысты түрлі деректер бар. Олар расталса, Ким Чен Ынның 15 сәуірде неге бой көрсетпегенін түсіндіруге болады, - деді ЦРУ-дың Солтүстік Корея жөніндегі бұрынғы қызметкері Брюс Клингнер.

КХДР басшысы бұған дейін де ара-тұра ұзақ уақытқа көзден таса болған. 2014 жылы ол бір ай бойы еш жерде көрінбей, өзінің денсаулығы туралы алыпқашпа әңгімелер тудырған. Оңтүстік Корея барлауының хабарлауынша, ол кезде Ким Чен Ын тобығына операция жасатып, содан оңалу үшін жатып қалған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Сәрсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Мектептер мен колледждердегі білім беру стандарттары өзгерді