Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыдағы коронавирусқа қатысты қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Науқастармен байланыста болғанғ ауру жұқтырып алуы мүмкін 12 420 адам анықталды, оның ішінде 2 247 тығыз байланыста және 10 000-нан астамы ықтимал байланыстағы адамдар. Науқаспен байланыста болған 1388 адам 14 күнге карантинге ауруханаларға оқшауланды, шамамен 7500-і үйдегі карантинде", - деді Жандарбек Бекшин.
Науқастардың жас шамасы:
14 жасқа дейінгілер - 21,
15-19 жас арасындағылар - 43,
20-29 жастағылар - 212,
30-39 жас арасындағылар - 129,
40-49 жастағылар - 116,
50-59 жас шамасындағылар - 115,
60 және одан жоғары - 42 науқас.
Сырқаттанушылардың контингенті:
1. Студенттер - 40,
2. Оқушылар - 15,
3. Басқа елдерден келгендер - 38,
4. ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының курсанттары - 67,
5. Авиация қызметкерлері - 2,
6. Зейнеткерлер - 40,
7. Жұмыс істемейтін адамдар - 55,
8. Қызметкерлер - 42,
9. Медицина қызметкерлері - 383.