Алматыда коронавирустан 1 адам көз жұмды

ҚР ДСМ
Ол 1964 жылғы азаматша.

Коронавирус инфекциясынан Алматы қаласында 1 адам көз жұмды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол 1964 жылғы азаматша.

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, КВИ 17 сәуірде анықталды.

Қосымша диагноздары: созылмалы бүйрек ауруы, ренальді анемия, созылмалы ағыммен жүйелі қызыл жегі, қант диабеті, екі жақты полисегментарлы пневмония.

22 сәуірде жүргізілген инвазивті емес жасанды желдету тиімсіз болуына байланысты инвазивті ӨЖЖ ауыстырылды. Сондай-ақ, бағдарламалық гемодиализ сеансын алды..

Бүгін жүргізілген емге қарамастан, полиорган жетіспеушілігінің белгілері өршіп, сағат 06:30-да қан айналымы тоқтады.

30 минут ішінде өткізілген реанимациялық іс-шаралар сәтті болмады.

Сағат 07:00-де биологиялық өлімді анықталды.

Қорытынды диагноз: расталған COVID-19, ауыр ағым және жоғарыда аталған қосымша аурулар.

Қазақстанда COVID-19-дың кесірінен барлығы 20 адам қайтыс болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев