Мамин елордадағы тұрғын үй құрылысының барысымен танысты

primeminister.kz
Қазақстан Республикасында халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарынан, аз қамтамасыз етілген отбасылар мен жастардан, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерінен тұратын 32 мыңнан астам отбасы жалдамалы және несиелік пәтерлермен қамтамасыз етіледі.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин биыл Нұр-Сұлтан қаласында пайдалануға беру жоспарланып отырған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан әлеуметтік тұрғын үйлер — "Бағыстан" және "Bazis" тұрғын үй кешендері құрылысын тексерді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазіргі уақытта жалпы ауданы 160 мыңнан астам шаршы метр (2786 пәтер) болатын аталған тұрғын үй кешендерінің құрылысына 500-ге жуық адам тартылған, жұмыс ірі панельді үй құрылысы саласындағы алдыңғы қатарлы әзірлемелерді қолдана отырып, екі ауысымда жүргізіліп жатыр.

Үкімет басшысы барлық құрылыс жұмыстарын сапалы орындап, нысандарды жоспарланған мерзімде пайдалануға беруді тапсырды.

"Үкіметтің қазіргі таңдағы аса маңызды міндеті – құрылыс қарқынын арттырып, әрекет етіп тұрған жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету", — деді А. Мамин.

2020 жылы елордада шамамен 3 млн шаршы метр тұрғын үй, ал жалпы елімізде 15 млн шаршы метр немесе 150 мың тұрғын үй салынады. Қазақстан Республикасында халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарынан, аз қамтамасыз етілген отбасылар мен жастардан, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерінен тұратын 32 мыңнан астам отбасы жалдамалы және несиелік пәтерлермен қамтамасыз етіледі.

Инспекциялық тексеруге Премьер-Министрдің орынбасары Р. Скляр, Нұр-Сұлтан қ. әкімі А. Көлгінов, индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев және т. б. қатысты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады