Түркістан облысының ауруханалары германиялық өкпені жасанды желдету аппараттарымен толықты

Баспасөз қызметі
Облыстық бюджет есебінен қаржыландырылған 26 өкпені жасанды желдету аппараттары ең алдымен Жетісай, Ордабасы, Кентау, Отырар, Сарыағаш, Сайрам, Қарабұлақ, Түлкібас аудандық орталық ауруханалары мен Түркістан қалалық орталық және балалар ауруханасына жеткізілген.

Германияда өндірілген Jenny" маркалы өкпені жасанды желдету аппараттарымен Түркістан облысының барлық аудандық, қалалық ауруханалары қамтамасыз етіледі, деп хабарлады zakon.kz.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңа медициналық аппаратты облыс әкімдігінде арнайы мамандар таныстырды. Өмірзақ Шөкеев COVID-19 инфекциясының таралуына қатысты жағдайдың қатаң бақылауда екенін атап өтті.

Облыстық бюджет есебінен қаржыландырылған 26 өкпені жасанды желдету аппараттары ең алдымен Жетісай, Ордабасы, Кентау, Отырар, Сарыағаш, Сайрам, Қарабұлақ, Түлкібас аудандық орталық ауруханалары мен Түркістан қалалық орталық және балалар ауруханасына жеткізілген. Аталған қондырғыларға облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы өткен жылдың желтоқсан айында тапсырыс берген. Сол уақтта белгіленген бағамен әрқайсысы 16 миллион теңгеге сатып алынды.

"Бұл аппараттарды алып келуге жеткізуші компания қолдау көрсетті. Жаңа қондырғылар бұрынғы, яғни, қымбаттамай тұрғандағы бағамен сатып алынды. Оның үстіне неміс аппараттары балаларға да, ересектерге де арналған. Лайым, қондырғыны ешкімге қолданбайық",-деді облыс әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев.

Әзірге облыс аумағында өкпені жасанды желдету аппаратына тәуелді ауыр халдегі науқастар жоқ. Алдағы уақытта оған мұқтаждар болғандар үшін аппарат саны өңірде жеткілікті. Соңғы үлгіде жабдықталған өкпені жасанды желдету аппараттары бір мезетте қан қысымын көрсетіп, жүрек соғысы мен кардиограммасын экранда бірден көрсетіп тұрады. Оларды өңірдегі ауруханалардың бірінші басшылары мен жансақтау бөлімінің дәрігерлері, инженер-мамандары тексеріп қабылдап алуда.

Жеткізуші компания өкілдерінің құрал-жабдықтарды Алматы қаласынанТүркістан облысына ешбір кедергісіз тасымалдауы бақылауға алынған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады