Мемлекеттік қызметкерлердің отбасы мүшелеріне де сыйлық алуға тыйым салынады

shatura.ru
Заттай сыйлықтан бөлек, сый түрінде көрсетілетін қызметті де тұтынуға тыйым салынды.

Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір істеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Азаматтық кодекстің арнайы бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қойылған адамдарға кез келген бағадағы сыйлықтарды сыйлауға тыйым салуды белгілеу ұсынылады. Ал қазіргі қолданыстағы 509-бап, яғни "Қайырымдылық" бойынша, мемлекеттік қызметкерлерге 10 АЕК көлеміне дейін сыйлықтар беруге рұқсат етілген, - деді ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов заң жобасын таныстыра отырып.

Сондай-ақ, ол "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қолданылатын мемлекеттік қызметкерлердің отбасы мүшелеріне де материалдық сыйақы алуға немесе сый түрінде көрсетілетін қызметтерді тұтынуына салынғанын айтты.

Мемлекеттік лауазымға үміткер немесе мемлекеттік немесе оған теңестірілген функцияларды орындаумен байланысты лауазымға үміткер адамдарға өзінің жұмыс істейтін туысқандары туралы жұмыс басшыларына жазбаша түрде бұл турасында хабарлау міндеті енгізіледі, - деді ол.

Сонымен бірге, заң жобасында сыйлық алуға мүлде тыйым салынған мемлекеттік қызметкерлерге қатысты тағы бір тарау қарастырылған екен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды