Меккеге бару деген – ақшаңды арабтарға өз қолыңмен апарып беру

regnum.ru
Жарайды, бір рет бар, бірақ жыл сайын бару – нағыз ақымақтық емес пе?

WhatsApp-та Тараз халқы жариялаған үндеуге қосыламыз деген Шымкент тұрғындарының атынан үндеу жүр көптен. Не жағдай деп бүгін ғана жете таныстым. Сөйтсем, баяғы қазақбайшылық, басталған істі аяғына дейін жеткізбеу, дейді желіде сарапшы Қуаныш Еділхантегі.

"Әрине, көптеген бабтарын қостаймын, қосылам. Бәрі дұрыс. Шашпалықты доғаратын кез жетті", - дейді ол.

Бірақ. Мынадай бап бар екен – ата-анаңның мерейтойын жасағың келсе, оның орнына сол қаражатыңа ата-анаңды Меккеге апар! Мен осыған қарсымын. Меккеге бару деген – ақшаңды арабтарға өз қолыңмен апарып беру деген сөз. Олар шайтанға ататын қара тасқа шейін сатып, қажылыққа келетіндерден қыруар пайда тауып отырғанын түсінетін кез жетті ғой. Бір діни фанаттар болмаса, кез-келген ата-анаға Меккеге барып шашылудың не қажеті бар?

Жарайды, бір рет бар, бірақ жыл сайын бару – нағыз ақымақтық емес пе?

Бәрібір пайғамбар алдыңнан шығып аудиенция жасамайды, сүйетінің де, ататының да сол тас. Одан да дәл іргеңде Түркістан тұрған жоқ па? Өзің сол облыс тұрғынысың, одан да сол Түркістанға келуге неге үгіттемейсің? Әйтеуір ақша айдаладағы арабқа емес, өз ішіңде қалады ғой? Ай-ай-ай, әйтеуір бір шалалық артымыздан қалмай қойды. Ең азы – бүкіл елге жарияланып жатқан үндеуді де келістіре алмаймыз, дейді пост авторы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі