Каспийде оқ атылды. Әзірбайжан Қазақстанға нота жолдады

Әзірбайжан сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов Әзірбайжан азаматтарын ұстау кезінде қазақстандық шекарашылардың оларға оқ жаудыруы алаңдататынын жеткізді.

Каспий теңізінде шетелдіктердің ұсталуы дипломатиялық деңгейдегі наразылыққа ұласты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұрын хабарланғандай, 30 сәуірде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Қазақстанның территориялық суларында түнгі патрульдеу кезінде шекараны бұзуған кемені байқаған. Ескерту түрінде дыбыстық командалар берілген соң, шекараны бұзушылар жылдамдықты арттырып, жасырынуға тырысқан. Шекара күзеті қызметкерлері "тоқта" деген талапқа бағыну белгілері болмағандықтан, кеменің қозғалтқышына бағыттап оқ атқан. Салдарынан қозғалтқыштқа бағытталған оқ ондағы адамдарды да жанап, өтіп оларға шұғыл медициналық көмек көрсетілді, осылайша шекара бұзған төрт шетелдік ұсталды, деп хабарлады ҚР ҰҚК.

Кейін белгілі болғандай, кемеде төрт Әзірбайжан азаматы болған, шетелдіктердің бірі қайтыс болды, деп жазды Лада басылымы. Тағы екі адам жарақат алды. Төртіншісі ұсталып, қамауға алынды.

Turan.az порталының хабарлауынша, Бакудегі Қазақстан елшісі Сержан Әбдікәрімов Әзірбайжанның Ішкі істер министрлігіне шақырылып, оның қолына нота ұстатылыпты.

Әзірбайжан сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов Әзірбайжан азаматтарын ұстау кезінде қазақстандық шекарашылардың оларға оқ жаудыруы алаңдататынын жеткізді. Сержан Әбдікәрімовке Әзірбайжан СІМ тиісті нота тапсырды.

Балықшының қайтыс болуына байланысты Қазақстан елшісі марқұмның туыстарына көңіл айтты. Ол Қазақстанға нота мен әзербайжан тарабының алаңдаушылығын жеткізетінін айтты. Сондай-ақ ол марқұмның денесін отанына жеткізуге көмектесуге уәде берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: