Мерзімді әскерге шақырылғандар COVID-19 бойынша тесттен өткізіледі

express-k.kz
Өңір әкімдіктеріне осыған сәйкес тапсырмалар жолданды.

Мерзімді әскери қызметке шақырылған қазақстандықтар COVID-19 бойынша тесттен өткізіледі. Бұл туралы ҚР Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру және жұмылдыру жұмысы бөлімінің бастығы Сәкен Жүсіпов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша, Қарулы Күштер мерзімді әскери қызметтен босатылатын әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар практикалық шараларды жоспарлап, жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органдар мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтарды ПТР тестілеуінен өткізуі керек, сонымен қатар әскерге шақырылушыларды хабарлау және жинау, жиналу орындарында, медициналық тексеруден өткізіп, әскерге жіберу кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етуі керек, - деді Сәкен Жүсіпов.

Ол елдегі төтенше жағдайдың алғашқы күндерінен бастап Қарулы Күштер түрлі міндеттерге белсенді қатысып отырғандығын атап өтті. Бүгінгі таңда 29 қалада шамамен 9,5 мың әскер жұмылдырылған. Олар патрульдеу және дезинфекция жұмыстарымен шұғылданады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы