Диктатор Түркіменбашы "бункерге" тығылды

yenicag.ru
Қауіпті вирус Түркіменстан президентін де өзін өзі оқшаулауға мәжбүр етті.

Гурбангулы Бердымухамедов өзі мен өз жақындары COVID-19 жұқтырып алмауы үшін резиденциясын ауыстырды, деп хабарлайды zakon.kz asiantop хабарламасына сілтеме жасап.

Бердымухамедов вирус жұқтыра қойған жоқ әлі. Бірақ сақтықта қорлық жоқ деп, оқшаулануға кетіп қалуды ұйғарыпты.

Түркіменстанда ресми түрде коронавирус жұқтырғандар анықталған жоқ. Бұл елде ДДСҰ кеңестері де, басқа да қорғаныш шаралары сақталмайды. Бірақ Түркіменбашы өзі мен өз жақындарының инфекциядан сақтануы үшін оқшауланды. Оның жаңа үйі – Мыныш ауылындағы жақында ғана салынған жаңа резиденция болды.

Президент соңғы кездері өз шенеуніктерінен өзін алшақ ұстай бастаған. Енді ол министрлермен видеобайланыс арқылы сөйлесуде.

Ел билігі елде коронавирус жоқ деп жар салуды әлі жалғастырып отыр. Бірақ "Азаттық радиосының" жаңалықтарына сенсек, ел астанасындағы жұқпалы аурулар ауруханасына COVID-19 жұқтырған науқастар түсіп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды