Өзбекстан Президенті Тоқаевпен Түркістан облысындағы жағдайды талқылады

Өзбекстан Президентінің баспасөз қызметі
Мирзиеев те Тоқаевты туған күнімен құттықтады.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан Презизенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Өзбекстан Президентінің ресми сайтында хабарланғандай, Мирзиеев Тоқаевты туған күнімен құттықтады. Сондай-ақ, екі ел басшылары Сардоба су қоймасындағы төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша тиімді өзара іс-қимыл мен жүргізіліп жатқан практикалық жұмыстарды және екіжақты сауда-экономикалық қатынастарға коронавирус инфекциясының таралуының теріс әсерін азайту жайын сөз етті.

Өзбек-қазақ қатынастарының күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қаралады.

Диалогтың институционалды тетіктерінің қызметін жандандыру және өнеркәсіп кооперациясы, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика сынды басқа да салалардағы перспективалық бағыттар мен ынтымақтастық жобаларды ілгерілетіп, өзара сауда мен инвестициялар көрсеткіштер өсімін қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен күш-жігерді арттыру қажеттілігі айтылды.

Халықаралық саясаттағы бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасу өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы