Бүгін Алматыда ХҚКО, кафелер, сауда үйлері, қонақ үйлер өз жұмысына кірісті

inform.kz
Барлық жұмысқа кіріскен нысандар: әлеуметтік қашықтықты сақтап, жұмысшылардың барлығы санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтауы шарт.

25 мамырда Алматыда карантиндік шектеулерді кезең-кезеңмен жою кезінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары, кафелер, сауда орталықтары, қонақ үйлер мен сұлулық салондары өз жұмысын бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қала әкімдігі 25 мамырдан бастап 3 631 кәсіпорын қайта ашылады деп жоспарлап отыр. Сонда тағы 84,2 мың адам жұмысқа оралады.

Оларға жұмысқа кірісуде қойылатын маңызды шарты - бір отбасының мүшелерін қоспағанда, көрші үстелдерде отырған қонақтардың арасындағы қашықтық кемінде 2 метр, ал бір үстелге отыратын адамдар саны 4 адамнан аспауын қамтамасыз ету.

Қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмысына сағат 23.00-ге дейін рұқсат етіледі. Бірінші кезеңде банкеттер мен мерекелер өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ, бұл кезеңде караоке, бильярд бөлмелері және қоғамдық тамақтану аумағында жұмыс істейтін басқа да ойын-сауық орындарының жұмысына тыйым салынады. Карантин кезеңінде кальян-барлар жұмысына тыйым салынады.

2020 жылдың 25 мамырынан бастап карантиндік шараларды жұмсарту кезеңі бойынша қала басшылығы бұрын жабылған азық-түлік базарлары мен әмбебап базарлардың азық-түлік қатарларынан шектеулерді алып тастады. Ал карантин кезеңінде қаладағы 23 базардың 13-і ғана жұмыс істеген.

Әкімдік азық-түлік базарлары кезең-кезеңімен ашылатынын атап өтті: қаладағы эпидемиологиялық жағдайға және нысандардың дайындығына байланысты.

25 мамырдан бастап Алматыда 16 ХҚКО ашылды, оның ішінде бес арнайы ХҚКО, екі көші-қон орталығы және екі сандық қызмет орталығы бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді